Қар 27, 2020 15:46 Asia/Almaty
  • Иранның Теңіз күштері – аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің мықты діңгегі

Иран Қорғаныс министрлігі елдің теңіз күштерін аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің мықты діңгегі деп атады.

Иран Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: «Иран халқының сеніміне ие Теңіз күштерінің тежегіш және қорғаныс қуаты Парсы шығанағы, Ормуз бұғазы мен Оман теңізін қамтитын стратегиялық аймақтың бекем қауіпсіздігі мен тұрақтылығының мықты діңгегі»,-деп мәлімдеді.

Бүгін, жұма 27 қараша – Иран армиясының Теңіз күштері күні.

 

Тегтер