Қар 27, 2020 17:37 Asia/Almaty
  • Теңіз күштері – Иранның халықаралық сулардағы абырой-айбыны

Иран армиясының Теңіз күштері стратегиялық күш саналады, өйткені жалпы ИИР – теңіз өркениеті дамыған ел.

Иран солтүстік және оңтүстіктегі теңіз шекаралары арқылы әлеммен байланысып жатыр. Тауар импорты мен экспортының 90 пайызы теңіз арқылы атқарылатындықтан дамыған технологиямен жарақталған мықты теңіз күштеріне ие болудың мәні зор.   

Теңіз экономикасы Иран үшін өте маңызды. Теңіз экономикасына сенімділікті арттыратын нәрсе – теңіз қауіпсіздігінің сақталуы. Осындай жағдайда Иран армиясы Теңіз күштерінің халықаралық суларда тұрақты түрде қызмет атқаруының маңызы зор.

Дамыған инфрақұрылым мен озық үлгідегі қару-жарақтармен жасақталған Иран Теңіз күштерінің түрлі аймақтарда қызмет атқаруы теңіз қауіпсіздігін сақтаудың тірегіне айналды. Иран армиясы Теңіз күштері жергілікті білімге сүйеніп, шетелге иек артпастан дамыған құралдармен жабдықталған әскери кемелерден бастап жеңіл, орташа және ауыр заманауи сүңгуір қайықтарға дейін жасайды.

Иран армиясы Теңіз күштері ирандық іргелі ғылымға негізделген компаниялармен әріптесе отырып, инфрақұрылым және технология саласында білім жинады. Олардың әріптестігі нәтижесінде жаңа қорғаныс өнімдері жасалып жатыр. «Дена» эсминеці – Иран халқының ұлттық мақтанышы.

Иран армиясы Теңіз күштері осыдай қарым-қабілетпен халықаралық суларда қызмет атқара отырып, елдің теңіз экономикасының қауіпсіздігін сақтаумен қоса, басқа елдердің де теңіздегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хұсейн Ханзади Теңіз күштері күніне орай Iran Press ақпарат агентігіне берген сұхбатында: «Теңіз күштері мұхиттарда теңіз қарашыларымен күресіп, Иранның теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аймақтағы және әлемдегі кез келген елге мұның пайдасы тиіп отыр»,-деді.

Иран армиясы Теңіз күштерінің 70-тен аса кемесі жергілікті біліммен әлемдік масштабта түрлі аймақтарда, соның ішінде Қытай теңізі, Атлант мұхиты, Аден шығанағы, Баб-эль-Мандеб бұғазы, Жерорта теңізі мен Оңтүстік Африка жағалауында әсерлі де сәтті қызмет атқарып жатыр.

Тегтер