Қар 27, 2020 21:33 Asia/Almaty

Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы Теһран маңында болған лаңкестік шабуылда шәһид болды.

Қарулы лаңкестер жұма күні түстен кейін Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы Мохсен Фахризадеге террор жасады.

Иран Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Мохсен Фахризаденің оққағарлары мен лаңкестер арасындағы қақтығыста ғалым ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Осы ақпарат бойынша,  өкінішке қарай дәрігерлердің ирандық ғалымның өмірін сақтап қала алмады. Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы жылдар бойғы еңбек пен талпыныстардан кейін шәһид дәрежесіне көтерілді.  

 

Тегтер