Иранда 406 адам коронавирустан көз жұмды
Қар 27, 2020 23:46 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта тағы 14051 адам COVID-19-ке шалдықты. Олардың 2245-і ауруханаға жатқызылып, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Лари елде COVID-19 жұқтырғандар санының 922397 адамға жеткенін айтып: «Өткен 24 сағатта індет жұқтырған 406 адам көз жұмды. Жалпы елде коронавирус құрбандарының саны 47095 адамға жетті»,-деді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 61 млн адамнан асты. Індеттен 1 млн 440 мың адам көз жұмып, шамамен 43 млн адам жазылып шықты.