Қар 28, 2020 16:27 Asia/Almaty
  • Зариф: Әлемдік қоғамдастық өзінің екіжүзді стандарттарын тоқтатуы керек

Иран Сыртқы істер министрі елінің танымал ғалымының террористік актіде шәһид болғанына реакция білдіріп, халықаралық қоғамдастықтың, әсіресе Еуропалық Одақтың арсыз екіжүзді стандарттарын тоқтату қажеттігін қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында лаңкестердің ирандық танымал ғалымдардың бірін террор еткеніне тоқталып: «Израильдің қатысты болуы туралы шынайы деректерге ие бұл әрекет оны іске асырушылардың соғысқұмарлығын көрсетеді»,- деп жазды. Зариф Иранның халықаралық қоғамдастықтан, әсіресе Еуроодақтан екіжүзді стандарттарын тоқтатып, бұл лаңкестік әрекетті айытауды талап ететінін қуаттады.   

 

Тегтер