Қар 30, 2020 15:15 Asia/Almaty
  • Израиль мен Мұнафықтардың шәһид Фахризадеге жасалған қастандыққа қатысы бары жайлы жаңа айғақтар табылды

Iran Press ақпарат агентігіне жеткен мәлімет бойынша, Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы шәһид Мохсен Фахризаде жасалған террорда лаңкестер қолданған қарудың қалдығы олардың Израильде жасалғанын көрсетеді.

Осы лаңкестік әрекетте қолданылған қаруда «Израильде жасалған» деген сөйлем қашалып жазылған.

Сонымен қатар осы мәлімет бойынша ирандық ғалым Фахризаде Nissan көлігінің үстіне орнатылған алыстан басқарылатын қару арқылы өлтірілген. Израильде жасалған алыстан басқару құралымен жабдықталған қару шәһид Фахризадені нысанаға алғаннан кейін іске қосылып, бірден атқан.

Nissan көлігі екі мақсатта жарылған: біріншіден Фахризаде отырған көлікке зиян тигізу, екіншіден алыстан басқарылатын қаруды жойып, айғақтардың ізін жасыру.

Қару қалдықтарынан оның Израильде жасалғаны анықталды.

Тегтер