Қар 30, 2020 17:18 Asia/Almaty

Иранның Жоғары сот төрағасы елдің атом және қорғаныс саласындағы ғалымы Мохсен Фахризадеге қастандық жасағандар мен тапсырыс берушілерді қудалау үшін арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін қуаттады.

Сейіт Ибраһим Раиси дүйсенбі күні Иран Сот органының жоғары кеңесінің отырысында көрнекті ғалым Мохсен Фахризадені атом саласында дұшпанның санкциялары мен қоқан-лоққыларын залалсыздандырған қаһарман деп атап: «Иранның Бас прокуроры Қарулы күштердің бас штабы мен сот ұйымы, барлау және қауіпсіздік аппараттарымен әріптесе отырып, қастандық жасағандар мен тапсырыс берушілерді қудалау үшін арнайы жұмыс тобын құрады»,-деді.

Раиси санкция мен террорды бір тиынның екі беті деп атап: «Террорға реакцияда сабырлыққа шақырып отырған Батыс елдері шын мәнінде лаңкестерге еркін әрекет етуге рұқсат беріп отыр»,-деді.

Тегтер