Қар 30, 2020 21:23 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі санкцияларды жою үшін стратегиялық жоба қабылдады

Иран Мәжілісінің санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық жобасы – еуропалық тарап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда қосымша протоколды ерікті түрде орындауды тоқтату.

Еуропа өз міндеттемелеріне салғырт қараса да, Иран осы күнге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін стратегиялық сабырлық танытты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы осы уәде бұзушылықтарға реакциясында санкцияларды жою үшін стратегиялық жоба бекітті.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының ақпарат өкілі Абулфазл Амуи жексенбі күні кешке тілшілерге берген сұхбатында: «Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық жобаға сәйкес, еуропалық тарап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда Иран екі айдың ішінде қосымша протоколды ерікті түрде орындаудан бас тартады»,-деді.  

Амуи аталмыш жобаның 1-бабы бойынша Иранда жылына 20 пайызға байытылған 120 кг уран өндіріліп, сақталатын болатынын айтып: «2-бап бойынша Иранның Атом қуаты ұйымы айына төмен деңгейде байытылған 500 кг уран өндіруге міндеттелді»,-деді.

3-бап бойынша Иранның Атом қуаты ұйымы IR2M және IR6 центрифугаларының жаңа буынын  пайдалануға міндетті. Сондай-ақ бұл ұйым Исфахандағы уран өндіру зауытын пайдалануға міндеттелді. Сонымен қатар осы жоба бойынша Иранның Атом қуаты ұйымы Аракта ауыр су реакторын оңтайландыру амалдарымен қоса, ауруханаларға қажетті радиоизотоп өндіру мақсатында басқа бір 40 МВаттық ауыр су реакторын жобалауға міндеттеме алды.  

Еуропалық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауда уәде бұзғанын және АҚШ-тың осы келісімнен шыққанынан 1 жыл өткенін ескеріп, ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі осы бағдарламаның 26 және 36 баптарына сүйеніп, өзінің ядролық міндеттемелерін ерікті түрде орындауды кезең-кезеңмен тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл шешім 5 кезеңнен тұратын уақыт аралығында орындалды. Осы шешім Иранның ядролық келісімдегі құқықтарының толық орындалуын талап ететінін және бұл мәселеде ешкіммен сыпайыласып тұрмайтынын көрсетті.

Шын мәнінде АҚШ-тың Иранға қатысты жобасы толықтырылған  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына кіріспе болды. Трамптың кеңесшілері бір қате есептеуде барынша қысым саясатын «қауіпсіздік соққыларын» жасау арқылы күшейтеміз деп ойлады. Америкалықтар жылдар бойы ИИР-ды бейбіт ядролық ғылымды дамытудан мақрұм қалдыруға талпынды, бірақ мұнысынан түкте шықпады.