Жел 01, 2020 14:44 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі «Санкцияларды  жоюға бағытталаған стратегиялық іс-қимыл» жобанының жалпы ережелерін мақұлдады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері санкцияларды алып тастау және Иран халқын қорғауға бағытталаған стратегиялық әрекеттер жобасының жалпы ережелерімен келісті.

 

Иран Мәжілісінің өкілдері сейсенбі күні ашық отырысында «Санкцияларды  жоюға бағытталаған стратегиялық іс-қимыл» жобанының жалпы ережелерін бекітіп, оның егжей-тегжейін талқылауға кірісті. Бұл жобаның маңызды тақырыптары ретінде Иранда жылына 20 пайызға байытылған 120 кг уранның өндіріліп, сақталуы, айына төмен деңгейде байытылған 500 кг уран өндіру және оны сақтау, IR2M және IR6 центрифугаларының жаңа буын машиналарын және Исфахан қаласында метал уран өндірісі зауытын пайдалану сынды тақырыптарды атап кетуге болады. Сондай-ақ ИИР үкіметі 4+1 тобының (Франция, Ресей, Қытай, Британиы және Германия) мүшелері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда Иран екі айдың ішінде қосымша протоколды ерікті түрде орындаудан бас тартуға міндеттелді.

 

Тегтер