Жел 01, 2020 18:33 Asia/Almaty
  • Иран мен ШЫҰ; Теһран ынтымақтастық үшін аймақ мүмкіндіктерін пайдалануды қуаттады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аймақтық ұйым ретінде 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласындағы жан-жақты ынтымақтастық мақсатымен құрылды.

 

Иранның Вице-президенті Исхақ Джаһангири дүйснбі күні Үндістанның ұйымдастыруымен видео форматта өткен ШЫҰ мүше елдер премьер-министрлері отырысында сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі оқиғаға толы әлемде аймақтық институттар аймақтық, жаһандық, тіпті ұлттық мәселелерді басқару мен шешудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады»,- деді. Ол Иранның бұл ұйымға бақылаушы мүшесі ретінде қатысуы экономикалық және қауіпсздік тұрғыдан маңызды деп тапты. Экономикалық тұрғыдан, Иранның әртүрлі экономикалық, сауда және инвестициялақ мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл елдің ынтымақтастықтағы рөлінің маңыздылығын көрсететін көптеген себептер бар. Азия мәселелері сарапшысы Козегяр Калджидің пікірінше, «Иран бұл ұйымның бақылаушы мүшесі болғанымен, Иран мен ШЫҰ-ның ынтымақтастықтары кең ауқымды. Мысалы, экономикалық салада энергетика, кедең және транзит мәселелеріндегі Иранның мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл елдің маңызды рөлі белгілі болады». Иран - Батыс Азиядағы негізгі көлік байланысының бірі. Иранның Вице-президенті өз сөзінің бір бөлігінде Чабахар порты мен оның Ауғанстан мен Орталық Азия бағытындағы теміржол байланыстарын еске салып, ШЫҰ мүшелерін Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар-Захедан теміржолы жобасында ынтымақтастық жасауға шақырды. Иранның ынтымақтастығымен жақын арада іске қосылатын маңызды Хаф-Герат теміржол жобасы аяқталды. Бұл темір жол Ауғанстанның Иран арқылы транзиты мен экономикалық қарым-қатынасын кеңейтеді. Аймақтық қауіпсіздік тұрғыдан, жан-жақтылыққа негізделген ШЫҰ-ның мақсаттарына назар аудара Иран мен ШЫҰ-ның ынтымақтастығы ұжымдық қауіпсіздікті сақтағу маңызды рөл атқара алады деп айтуға болады. ШЫҰ-ның әсерлі мүшелері Ресей мен Қытай қауіпсіздік салада Иранмен стратегиялық қатынас орнатқан. Аймақтың өткен онжылдықтағы өзгерістері АҚШ-тың біржақтылығы мен қауіп-қатер тудыруы, терроризмді қолауы мен басқаруының аймақтағы көптеген салдардарға себеп болғанын көрсетті. Бұл дағдарыс ШЫҰ рөлінің және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Иранның аймақтағы жалпы мүмкіндіктерін пайдалану маңыздылығын көрсетеді. Осы факторларды ескере отырып, Шанхай ұйымының аймақтық қатынастарды дамыту және нығайту үшін пайдалануға болатын ынтымақтастықтың маңызды әлеуеті бар деп айтуға болады.