Жел 02, 2020 19:25 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус салдарынан 362 адам қаза болды

Иран Денсаулық министрлігінің ақпарат өкілі сәрсенбі күні елдегі коронавирусқа шалдыққандар туралы: «Өткен 24 сағаттың ішінде Иранда Covid-19 вирусын жұқтырған 13621 жаңа науқас анықталды, олардың ішінде 2246 адам ауруханаға жатқызылды, ал басқа науқастарға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетілді»,- деді.

 

Сима Садат Лари Иранда коронавирусқа шалдыққан адамның санының 989572 адамға жеткеніне тоқталып: «Өкінішке қарай өткен 24 сағатта 362 науқас қаза болды, сөйтіп елдегі бұл науқастардың саны 48990 адамға жетті»,- деп мәлімдеді. Иран Денсаулық министрлігінің ақпарат өкілінің айтуынша, қазіргі кезге дейін 678054 адам жазылып, ауруханалардан шықты.  

 

Тегтер