Жел 02, 2020 20:37 Asia/Almaty
  • Терроризмге қарсы күрестегі екіжүзділік

Терроризммен күрес жаһандық ерік-жігерді қажет етеді. Бірақ халықаралық әрекеттер мұндай шешімнің жоқтығын көрсетеді.

 

Алайда бұл мәселенің себебі не? Халықаралық ұйымдар бұл салада дәрменсіз бе әлде терроризммен күресу туралы уәжденетін мемлекеттердің әрекеттеріндегі екіжүзділік терроризм мен оның қолдаушыларының  арсыздығының кеңеюіне себеп болды ма?

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Казем Ғарибабади сейсенбі күні Венадағы БҰҰ кеңсесі бас хатшысына хат жіберіп, Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы шәһид Мохсен Фахризадеге қарсы террорды айыптауымен бірге екіжүзді стандарттарды да айыптап: «Терроризммен күресудегі екіжүзділік сындарлы болмауымен қатар оған қарсы халықаралық күресті сәтсіздікке ұшыратады»,- деді. Өкінішке қарай жылдар бойы БҰҰ мен халықаралық қоғамдастықтың лаңкестік әрекеттерге қарсы шаралары әсерсіз болды. Бұл дәрменсіздікті сионистік режимнің Палестинаның езілген халқына қарсы лаңкестік әрекеттерінің және Сауд Арабиясының бала өлтіруші режимінің Йеменнің балаларына қарсы шабуылдары, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің бірлескен тееррористік әрекеттерінің алдын алу  шараларында байқауға болады. БҰҰ өзінің көптеген қарарлары мен жиналыстары арқылы терроризмді айыптады. Иранның қорғаныс саласындағы ядролық ғалымдарын террор ету бұл қарарлардан тыс емес. Мохсен Фахризаде коронавирусты анықтайтын тестерді, сондай-ақ COVID-19-на қарсы вакцина шығару үшін ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысқан ғалым. Қазіргі кезде бұл салада маңызды қадам  басты. Ғылымдарға террор жасау  халықаралық терроризмнің кез келген әрекеті сынды бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіреді және халықаралық негіздері мен құқыларға қайшы болып табылады.  Деректер мен құжаттар бұл террорға Израиль режимінің барлау ұйымы мен Мұнафеқин лаңкестік тобының қатысы болуын көрсетеді. Бұл лаңкестік әрекетке деген үнсіздіктің жалғасуының екі жолдауды: біріншіден, терроризмнің қайталануы мен таралуын және екіншіден, халықаралық ұйымдардың  беделінің түсуін жеткізеді.