Жел 27, 2020 17:53 Asia/Almaty

«Нүкте» ирандық деректі фильмі Мәскеу халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлде және құрмет грамотасына ие болды.

Амир Валинежад режиссерлігімен түсірілген ирандық фильм Ресейдегі Ибн Сина атындағы исламдық зерттеу институтының қолдауымен Иран, Ресей мен Түркияда бір жылдан аса уақыт бойы дайындалды.  

«Нүкте» деректі фильмінде Ирандағы каллиграфия өнері исламдық мәдениет пен өркениеттің мәңгілік мұрасы ретінде сипатталған. Каллиграфияның ирандық-исламдық сурет және сәулет өнерінде ерекше орын алады.

 «Нүкте» деректі фильмі Мәскеу халықаралық кинофестиваліне қатысқан 600 фильмнің ішінде екінші орын, Босния және Герцеговина кинофестиваліне қатысқан 530 фильмнің арасында үшінші орынға ие болып, осы екі беделді мәдени шараның құрмет грамоталарын алды.

Тегтер