Қаң 14, 2021 18:19 Asia/Almaty

ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуының қорытынды кезеңінде осы күштің бөлімшелері қанатты теңіз зымырандарын белгіленген нысағана атып, дөп тигізді.

ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуының ақпарат өкілі бүгінде Иранның қанатты теңіз зымырандарын жасау саласында жоғары қабілетке ие екенін айтып: «Дұшпандар ИИР-ның теңіз шекараларына қол сұққан жағдайда жағадан және теңізден қанатты зымырандармен атқыланатынын білуі тиіс»,-деді.

Сәрсенбі күні Макран жағалауы мен Үнді мұхитының солтүстігінде ИИР армиясы Теңіз күштерінің «Теңіз айбыны-99» атты әскери жаттығуы басталды.

Тегтер