Қаң 15, 2021 18:42 Asia/Almaty

«Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15» жаттығуының бірінші кезеңі Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Әуе күштерінің зымырандық және ұшқышсыз ұшақтары бірлескен әрекеттерін жүзеге асырумен Иранның орталық шөл аймағында өтті.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар Корпусының «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15» жаттығуының бірінші кезеңі жұма күні «Уа, Фатима-Заһра (ғ.с.)» деген ұранымен құрлық-құрлық баллистикалық зымырандарын атуы және бомбалаушы дрондар әрекеттерін іске асруымен Иранның орталық шөл аймағында өтті.  Жаттығудың бұл кезеңінде  құрлық-құрлық баллистикалық зымырандар мен дрондардың жаңа буынын қолдана отырып, гипотетикалық жау базасына және барлық белгіленген нысандарды жоюға біріктірілген шабуыл жасалды. Бұл мәлімет бойынша, «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15»  жаттығуының бірінші кезеңінде Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің бомбалаушы дрондарының гипотетикалық жаудың зымырандық қалқанына шабуыл жасап, оларды толық жойғаннан кейін «Зольфағар», «Зелзал» және «Дезфул» сынды баллистикалық зымырандарды жаңа буынын қолданып, белгіленген нысандарға оқ жаудырып, жаудың гипотетикалық базасына соққы берді.

 

Тегтер