Қаң 16, 2021 23:26 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында қауіпсіздік саласында әріптестік жасау мәселесі талқыланды

Иран ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесуінде екі ел арасында қауіпсіздік және құқықтық тәртіп саласында ынтымақтастық туралы келісім жасау үшін бірлескен жұмыс тобын құрып, әріптестікті дамытуға ұсыныс жасады.

 

Сенбі күні Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Хұсейн Золфағари Қазақстанның Теһрандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбаймен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты  одан әрі дамыту қажеттігін айтты.   

Бұл кездесуде Қазақстан елшісі ИИР мен Қазақстанның Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеттерін терроризм, ұйымдасқан қылмыс және есірткіге қарсы күресуге және Каспий теңізі маңындағы шекаралық әріптестікті нығайтуға шақырып, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын қуаттады.

 

Тегтер