Қаң 17, 2021 16:53 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Заһраны (ғ.с.) аза тұту рәсімінің үшінші кеші өтті

Имам Хомейни (р.) атындағы хусейниеде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Заһраның (ғ.с.) шәһид болуын аза тұту рәсімінің үшінші кеші өтті.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл рәсімде худжат ул-ислам уәл-муслемин Али сөз сөйлеп, Аһл-е бейттен қалған дұғаларды Жаратушымен рухани байланыс орнату және адамның илаһи нұрды қабылдау қабілетін арттыру үшін құнды қазына деп атап: «Дұға оқып, береке сыйлаушымен байланыс орнату адамды адасу мен бұрыс істен тежейді. Сондықтан адамның әлеуметтік жауапкершілігі қаншалықты жоғары болса, оның Жаратушыға бет бұрып, дұға оқу қажеттілігі соншалықты артады»,-деді.

Бүгін, жексенбі 2021 жыл 17 қаңтар, х.қ.ж.с.б. 1442 жылдың джамади ус-сани айының 3 жұлдызы – Алланың елшісі хазірет Мұхаммедтің (с.) қадірменді қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли бен Абиталебтің жұбайы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні.