Қаң 18, 2021 18:50 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Нидерланды халықаралық кинофестивалінде жүлде алды

«Кестеші» атты анимациялық фильм Нидерланды халықаралық кинофестивалінде ең үздік анимациялық фильм жүлдесін жеңіп алды.

Биыл коронавирустың жаппай таралуына байланысты Нидерландыда онлайн түрде өткен FluXus халықаралық кинофестивалінде режиссер Мехди Хоррамиан түсірген «Кестеші» атты анимациялық фильм осы мәдени шараның ең үздік анимациялық фильмі атанды.  

FluXus кинофестивалі балалар мен ересектерге арналған қысқаметражды анимациялық фильмдерге арналған. Жыл сайын бұл шараға жүздеген фильм ұсынылады.

Тегтер