Қаң 19, 2021 19:07 Asia/Almaty

Иран үкіметінің ақпарат өкілі АҚШ-тың Иран халқына қарсы мейлінше қысым көрсету саясатының сәтсіздікке ұшырағанын және Вашингтонның жаңа үкіметінің бұл саясаттан бас тартудан басқа амалының жоқтығын қуаттады.

Әли Рабии сейсенбі күні өзінің апталық баспасөз отырысында Iran Press агенттігі журналистінің Джо байден үкіметінің Иранға деген ұстанымы туралы сұраққа: «Байден мен оның тобы сайлау алдында және жеңіске жекен соң «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу туралы ұстаным білдірді, бірақ біздің пікірімізше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы АҚШ-тың санкциялардың күшін жою үәдесі орындалмағанша, бұл ұстанымның мәні жоқ. Иранға қарсы мейлінші қысым көрсету  және Трамп үкіметінің жылдар бойы көздеген қастықтары сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан АҚШ үшін бұл шығыны мол саясаттан бас тартудан басқа амал қалмады»,- деді. 

 

Тегтер