Қаң 19, 2021 20:04 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан 1 миллион 131 мыңнан астам адам жазылды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде коронавирустан 1 миллион 131 мыңнан астам адам жазылғанын хабарлады.

 

Сима Садат Лари сейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта тағы 5917 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 518-і ауруханаға жатқызылды және басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді. Лари сондай-ақ COVID-19 індетінен 87 адамның көз жұмғанына тоқталып, Иранда жалпы коронавирустан 56973 адамның өлгенін мәлімдеді.

 

Тегтер