Қаң 22, 2021 14:30 Asia/Almaty
  • Теһранда Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі Халықаралық көрмесі басталды

Иранның Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі 25-ші Халықаралық көрмесі Теһранның Халықаралық көрмелер өтетін тұрақты жерінде басталды.

 

Денсаулық сақтау жөніндегі нұсқауларға сәйкес бүгін  жұмада басталып,  дүйсенбіге дейін өткізілетін бұл көрме мұнай мамандары үшін ашық болады. Бұл көрме мұнай және мұнай-химия саласында белсенді жұмыс істейтін компаниялар үшін осы саланың мамандарына өздерінің жетістіктері мен өнімдерін көрсету, сондай-ақ нарықтағы сұраныс пен бұл саланың даму бағытын ескере отырып, олардың болашақтағы қызметтері мен инновацияларын бағыттауға мүмкіндік тудырады.

Иранның мұнай және мұнай-химия өнеркәсібі көрмесі - ауқымы мен қатысушылардың саны бойынша әлемдегі мұнай-газ саласы бойынша маңызды мамандандырылған көрмелердің бірі. Көрме жыл сайын мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы көптеген отандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен өткізіледі.

 

Тегтер