Қаң 22, 2021 20:11 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауыты - санкциялар шарықтап тұрған кездегі Иранның энергетикалық қуатының көрінісі

Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысындағы Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауыты АҚШ санкциялары шарықтап тұрған кезде ирандық мамандардың білімімен Батыс Азия аймағынының ең ірі газ зауыты ретінде іске қосылды.

 

Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауыты бейсенбі күні Иран Президенті Хасан Руханидің бұйрығымен Хузестан, Бушер, Кохгилуйе және Бойер-Ахмад облыстарындағы ілеспе газды жинау мақсатында Батыс Азиядағы ең ірі газ өңдеу зауыттарының бірі ретінде іске қосылды. Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауыты 2020 жылы әлемдегі үшінші супер жоба ретінде танымал болып, Иранның мұнай өнеркәсібі тарихында ақаусыз жұмыс рекордын тіркеді.  Бұл ірі жоба және Иранның ұлттық қуатының нышаны тәулігіне 56 миллион текше метрден астам газды өңдей алады және оны іске қосу үшін 3 миллиард 400 миллион доллар инвестиция салынды. Толығымен Бидболенд газ өңдеу жобасын іске қосудың стратегиялық маңыздылығы жанжақты, өйткені газ бен мұнай-химия саласындағы ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуімен бірге қоршаған ортаны сақтауда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ  бұл ғаламдық супержобаның қызметі адамдардың салауатты өмірімен айтарлықтай байланысты.

ИИР Мұнай министрі Бижан Зангане Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауытының іске қосылуының маңыздылығы туралы: «Бұл зауыт мұнай-химия шикізатымен қамтамасыз етумен айналысатын ең ірі жобалардың бірі болып табылады және қоршаған орта саласында жақсы жұмыс жасалып, хиджри-шамси күнтізбесінің 1401 жылдың соңына (сәйкесінше 2023 жылдың наурызына) дейін оттықта газ жанбайды»,- деді.   

Парсы шығанағы Бидболенд газ өңдеу зауыты АҚШ-тың қысымына қарамастан Иранның мұнай саласындағы 110 жылдық арманын  шындыққа айналдырды. Бұл ирандық жоба Хузестан, Бушер, Кохгилуйе және Бойер-Ахмад облыстарындағы мұнай газдарын, оттық газдарын ірі қорлар газдарын өндейді. Санкциялар енгізілген жағдайдағы әлемдегі үшінші ірі жоба саналатын Парсы шығанағы  Бидболенд газ өңдеу зауытының іске қосылуы АҚШ-тың Иранның ерік-жігері мен біліміне қарсы қысымдары мен санкцияларының нәтижеге жетпейтіндерін және «біздің қолымыздан келеді» ұранның   Иранның құдыретінің ең маңызды факторы екенін  тағы бір дәлелдеді. Энергия басқа факторлармен бірге ұлттық электр энергиясының көзі болып табылады. Бүгінгі  Иран - аймақтағы және әлемдегі ең тиімді энергетикалық державалардың бірі. Иран - 32000 триллиард текше метр газымен әлемдегі ең ірі газ көзі. Иран Президенті Хасан Руханидің айтуынша, әлем Иранның мұнай мен газын қажет етеді және Ислам Республикасы электр қуаты мен газды өндіру мен экспорттауда аймақтың орталығы бола алады. Парсы шығанағы Бидболенд мұнай өңдеу зауытының іске қосылуы  АҚШ-тың санкциялары мен мейлінше қысым көрсету саясатының сәтсіздігін, сондай-ақ бұл зауыттың іске қосылуы барлық қысымға қарсы ұлттық күшке арқа сүйеп, абыроймен шыққан Иранның ұлттық күш-қуаты мен табандылығын көрсетеді.

 

Тегтер