Қаң 23, 2021 23:53 Asia/Almaty
  • Зариф: Байденнің үкіметі сәтсіздікке ұшыраған саясатты жалғастыру немесе бейбітшілік пен тыныштыққа оралуды таңдауы керек

АҚШ Президенті міндетін Дональд Трамп атқарған кезде бұл елдің сыртқы саясатында ең үлкен қателіктер жасалды.

Трамп Ақ үйдегі билігіне  кіріскеннен бастап халықаралық аренада экстремистік саясатты, оның ішінде ИИР-на қарсы санкцияларды күшейтуден бастап, Иран халқын тізе бүктіру үшін мейіоінше қысым жасау саясатты жүргізді. Бірақ соңында ешбір мақсатына жете алмады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жою, экономика саласынад мейлінше қысым көрсету саясатын жүргізу мен санкциялары  және Иранға қарсы Қауіпсіздік кеңестің қару-жараққа тыйым салу санкциясын қайтару Трамптың билігі кезіндегі АҚШ-тың сәтсіздікке ұшыраған саясаттыраның бір бөлігі болды. Бірақ Трамп Иран АҚШ-тың қысымдарына қарсы тұра алады деп ойламай, қателесті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні өзінің Твиттердегі парақшасында АҚШ-тың жаңа үкіметінің үлкен таңдау алдында тұрғанына сілтеме жасап: «Байденнің үкіметі сәтсіздікке ұшыраған саясатты жалғастыру немесе бейбітшілік пен тыныштыққа оралуды таңдауы керек»,- деді. Трамптың соңғы төрт жылдағы ойламастан қабылданған  шешімдері мен үлкен қателіктері кең ауқымды сынмен бетпе-бет келуімен бірге   АҚШ-тың әлемдегі беделіне қатты нұқсан келтірді.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Құм халқының хиджри-қамари күнтізбесінің 1356 жылының 19 дей (1977ж. желтоқсан) көтерелісі күніне арналған сөзінің бір бөлігінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесіне тоқталып: «Ислам республикасы АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтаруға асығыс білдірмейді. Біздің ұтымды және саналы талабымыз - санкциялардың күшін жою және Иран халқының құқығын қайтару»,- деді.

АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің себебі Ислам республикасының оның қысымшылық саясатын қабылдамауына байланысты. Сондықтан бұл қастықты тоқтатудың жалғыз жолы – оларды өкіндіру. Сондықтан күшейіп, биліктің нақты құралдарын нығайту керек.

 

 

Тегтер