Иран мен Армения өзара сауда айналымын арттыру туралы меморандумға қол қойды
Қаң 24, 2021 19:16 Asia/Almaty
Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрінің айтуынша, Иран Арменияға жылына шамамен 300 млн долларға тауар экспорттайды. Аталмыш меморандум бұл соманың артуына ықпал етеді.
Армения Экономика министрі Ваган Карапетян екі ел сауда айналымының алдағы 6 айда 1 млрд долларға жететініне үміт білдірді.
Иран Орталық банкінің басшысы Арменияның Экономика министрімен кездесуінде: "Қаржы айналымы үшін қолайлы шешім жолдары табылды",-деді.