Қаң 26, 2021 01:19 Asia/Almaty
  • Иран алтыжақты аймақтық әріптестік бастамасын қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі Әзірбайжан Президенті ұсынған алтыжақты аймақтық ынтымақтастық жобасына қолдау білдіріп, ИИР-ның аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық орнатуға көмектесетін барлық салаларда әріптестік жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, осы елдің үкіметі мен халқын жуырдағы жеңістерімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.

Ильхам Әлиев те осы кездесуде ИИР-дың аймақтағы соңғы өзгерістерге қатысты ұстанымына алғыс айтып, өзара ынтымақтастық  деңгейіне ризалық білдіріп, барлық салалар, әсіресе экономикалық салада қарым-қатынасты дамытуға қолайлы жағдай қалыптасқанын айтты.  

Ол екі ел арасындағы экономикалық жобаларды санамалап өтіп, ирандық компаниялардың Қарабақты қайта жөндеуге қатысуын қолдады.