Иранда 1 млн 171 мыңнан аса адам коронавирустан сауығып шықты
Қаң 26, 2021 01:34 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы елде 1 млн 171 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.
Сима Садат Лари: «Нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша, өткен 24 сағатта елде тағы 6309 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 681-і ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: «Елде жалпы індет жұқтырғандар саны 1 379 286 адамға жетті»,-деді.
Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта елде 98 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы коронавирус құрбандарының саны 57481 адамға жетті.