Қаң 26, 2021 14:54 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі аймақтық сапарын жалғастырып, бүгін сейсенбі күні таңертең Мәскеуге енді.

Дүйсенбі күні жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барған  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф және оның   делегациясы Бакуден кейін Ресей басшыларымен кездесу үшін Мәскеуге аттанды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтағы өзгерістер - Мұхаммад Джавад Зарифтың Мәскеудегі келіссөздерінің негізгі тақырыптары. Иран Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, екіжақты қарым-қатынастар, аймақтағы өзгерістер мен Қарабақ мәселесі туралы пікір алмасады. Таулы Қарабақ аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту және солтүстік көршілерімен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын зерттеу - Иран Сыртқы істер министрінің Ресейге сапарының тағы бір мақсаты.

Иран Сыртқы істер министрінің сапарының жалғасында Грузия, Армения мен Түркияға барады.

 

Тегтер