Ақп 08, 2021 22:20 Asia/Almaty
  • 22 бахманда Иранның түкпір түкпірінде автокөлік пен мотоциклдер шеруі өтеді

Иранның исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесі басшысының орынбасары: «Биыл шеру мен жиынға қатысуға шақырмаймыз. 22 бахманда жанұялық автокөлік пен мотоциклдер шеруі өтеді»,-деді.

Носратулла Лотфи дүйсенбі күні баспасөз отырысында 22 бахманда өтетін шаралар туралы: «Биыл өзге жылдардан бөлек Хатам ул-Анбия әскери базасының әуе-ғарыш саласындағы жетістіктері көрсетіліп, «Азади» мұнарасы маңына сахна құрылып, сағат 10:30-да халықаралық деңгейдегі үздік қари Құран аяттарын оқып, ИИР әнұраны орындалғаннан кейін Теһранда мерекелік шара басталады»,-деді.

 

Тегтер