Ақп 10, 2021 14:55 Asia/Almaty

Ислам революциясы жеңісінің 42 жылдығы күні Иранның түпкір-түпкіріне Ислам революциясының армандарын қолдап, халық автокөлік және мотоциклдермен шеруге шықты.

Биыл коронавирустың таралуына байланысты халық Ислам революциясы жеңісінің 42 жылдығын автокөлік және мотоциклдермен шеруге шығып тойлады. Исламдық Иранның халқы коронавирустың өршуінің алдын алу үшін елдің түпкір-түпкірінде санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтап, қалалар мен ауылдардың көшелеріне автокөлік және мотоциклдермен шеруге шықты. Бұл шара елдің мыңнан астам қалалары мен ауылдарында мешіттерден басталып өтті.

 

Тегтер