Ақп 10, 2021 17:16 Asia/Almaty
  • «Фаджр» шарасында баллистикалық зымырандар көрсетілді

«Зольфақар Басир», «Дезфул» және «Қиям» баллистикалық зымырандары Теһрандағы Ислам революциясының 42-ші «Фаджр» рәсімі кезінде көрсетілді.

«Зольфақар» зымырандар тобына жататын 1000 км қашықтыққа ұшатын «Дезфул» баллистикалық зымыран Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің «құрлық-құрлық» тактикалық баллистикалық зымырандарының бірі болып табылады. «Зольфақар Басир» зымыраны «Зольфақар» зымырандар тобының 700 км қашықтыққа жететін және оптикалық детектор басымен жабдықталған, теңіздегі жау кемелерін нысанаға алу мүмкіндігі бар жаңа зымыраны. Бағытының соңына дейін басқарылатын оқтұмсықтармен жабдықталған 800 км қашықтыққа жететін «Қиям-1» және «Қиям-2» баллистикалық зымырандар  - Иранның «Қиям» тобының зымырандары. Бұл зымырандар Айн әл-Асад базасын нысанаға алуға қолданылды.

 

 

Тегтер