Ақп 24, 2021 21:10 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иран Денсаулық министрлігінің ақпарат өкілі осы кезге дейін елде 1 598 875 адамның коронавирусқа шалдыққанын және өткен 24 сағатта тағы 73 адамның көз жұмуымен, Иранда COVID-19 өлген адамдардың саны 59 736 жеткенін хабарлады.

 

Сима Садат Лари сәрсенбі күні Ирандағы коронавирусқа шалдыққан және оның салдарынан көз жұмған адамдардың саның жариялап: «Өткен 24 сағатта Иранда COVID-19 жұқтырған 8270 адам анықталды, олардың 746 аураханаға жатқызылды. Мұны қосқанда, елде індет жұқтырғандар саны 1 598 875 адамға жетті»,- деді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Қуанышқа орай, 1 365 253 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер