Нау 01, 2021 20:27 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ үкіметінің Иранға қысым мен санкциялардың жеңіліс тапқанын мойындауы – үлкен жетістік

ИИР Президенті АҚШ үкіметінің Иранға қысым мен санкциялардың жеңіліс тапқанын мойындауын халқымыз үшін үлкен жетістік деп атады.

Рухани мұнай-газ саласындағы жобаларды ашу рәсімінде: «Қол жеткізген барлық нәрсеміз Иран халықтың иманы, ерік-жігері мен табандылығының арқасында орын алды»,-деді.

Рухани: «Әлем мен АҚШ осы ұлы халықтың алдында тізе бүгіп, зұлым санкцияларын алып тастауға мәжбүр болады»,-деді.

Бүгін ИИР Президенті қатысқан бір рәсімде  елдің батысында күніне 65 мың баррель шикі мұнай өндіретін «Азар Илам» мұнай кен орнын дамыту жобасы және елдің оңтүстігіндегі «Канган» мұнай өңдеу зауыты іске қосылып,  Ассалуйедегі «Киан» мұнай өңдеу зауытын салу жұмыстары басталды.

Тегтер