Нау 01, 2021 20:35 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны 60181 адамға жетті

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта Иран ауруханаларында 108 адам коронавирустан көз жұмды. Елде жалпы індеттен көз жұмғандар саны 60181 адамға жетті»,-деді.

Доктор Лари: «Өткен тәулікте тағы 8510 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 812-і ауруханаға жатқызылды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1639679 адамға жетті»,-деді.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, осы күнге дейін әлемде 114 млн-нан аса адам COVID-19 жұқтырып, соның салдарынан  2 млн 544 мыңнан аса адам көз жұмды.

 

Тегтер