Нау 02, 2021 21:13 Asia/Almaty
  • Йемендегі өзгерістер туралы Иранның көзқарасы; аймақтағы геополитикалық факторларға шолу

Иранның БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесіндегі тұрақты өкілі Исмаил Бақаи Хамане: «Соғыс дабылдарын ұрушылар жазықсыз адамдарды өлтіру үшін ғана қолданылатын қаруды сатуды тоқтатуға міндеттелуі керек»,- деді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде дүйсенбі күні сөз сөйлеген Бақаи Хамане кейбір елдердің Йемен дағдарысына қаржылай көмек көрсетуіне тоқталып: «Мұны бұл гуманитарлық апатты тудырған адамдар жамылғы ретінде қолданбағандары жөн»,- деп айтты. Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ және тағы бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурызынан бастап Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуе қоршауына алды. Бірақ Сауд Арабиясы болса, үлкен қателік жіберіп, осы қате есептерімен Йеменде шырмалды. Йеменде билеп-төстеу Сауд Арабиясы үшін маңызды. Бұл сұрақтың жауабын Йеменнің аймақтағы геостратегиялық және геоэкономикалық себептері тұрғысынан іздеу керек. Бұл мемлекет стратегиялық маңызды екі теңіздің арасында орналасқан. Баб әл-Мандеб бұғазы Йеменнің солтүстік-батыс және шығыс бөліктеріне жетеді, ал бұл елдің Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының аралығында орналасуы оны шығыс пен батыс арасындағы ең жақын су жолына айналдырады. Басқа факторлар да бұл елді стратегиялық етті. Йеменнің Африка мүйізіне жақын орналасуы осы елдің әсерлі факторларының бірі болып табылады. Стратегиялық маңызды Перим аралы Йеменге Қызыл теңізді басқаруға мүмкіндік берді. Қызыл теңізде және Араб теңізінде ұзақ жағажайлар сондай-ақ Аден, Хадид және Фаха сияқты маңызды порттардың болуы Йеменнің стратегиялық маңыздылығын арттырды. Йеменді билеп-төстеу Сауд Арабиясы үшін үлкен сынға айналды, тіпті АҚШ-тың үлкен қолдауы да Риядты Йеменге қарсы мақсаттарына жеткізбеді. Йемендегі оқиғаларға дейін аймақтық державалар дағдарыс кезінде аймақтағы геосаясаттағы өздерінің стратегиялық үстемдігін жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Йемендегі шайқас аймақтағы әдеттегі күштердің үстемдігіне қарсыласу күштерінің   қатты әсер еткенін және аймақтағы әскери теңгерімнің өзгергенін көрсетті.