Нау 04, 2021 21:38 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның орманы мен жайылым жерлерін сақтау – халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ИИР Президенті бейсенбі күні Ағаш егу күні мен Табиғи ресурстар апталығының қарсаңында Иранның ұлттық өсімдіктану бағында емен ағашының көшетін екті.

Хасан Рухани көшет еккеннен кейін сөйлеген сөзінде Иранның орманы мен жайылым жерлерін сақтауды халықтың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау екенін айтып: «Ағаш егу күні мен Табиғи ресурстар апталығын өткізу қоғамды, әсіресе жас ұрпақты өсімдік жамылғысын сақтау, су, жер мен ауаны таза сақтаудың маңыздылығын айтып, хабардар ету үшін аса қажет»,-деді.