Нау 06, 2021 17:46 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ-тың адамгершілікке  жатпайтын санкциялары мен мейілінше қысым көрсету саясатын сынады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ басшыларынан Иран халқына қарсы адамгершілікке жатпайтын санкциялары мен мейілінше қысым көрсету қате саясатын өзгертуге шақырды.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі парақшасында АҚШ-тың адамгершілікке жатпайтын санкциялары мен мейілінше қысым көрсету саясаты салдарынан  денсаулығына қауіп төнген ирандық баланың суретін жариялап, АҚШ басшыларын бұл қате саясатын тоқтатуға шақырды. Зариф: «Бұл бірнеше миль қашықтықтағы саясаткерлердің қатыгез және адамгершілікке жатпайтын әрекеттерінің салдарын көріп отырған кішкентай қыз.  Оның  жағдайы Иранда ерекше емес»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі COVID-19 пандемиясы кезінде АҚШ-тың ирандықтарға қарсы сәтсіз мейілінше қысым көрсету саясатын жалғастырып келуіне назар аудартып: «Шынында да тиімді нұсқаны қолданатын уақыт келмеді ме?»- деді.

 

Тегтер