Нау 06, 2021 22:21 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында Парсы шығанағы оқиғасындағы сионистік режимнің мақсаттары туралы ескерту жасалды

Сионистік режим ұзақ уақыттан бері сылтау іздеуде және осыған байланысты бірнеше рет Иранға қарсы дәлелденбеген шағымдар жасады.

 

Шамамен екі апта бұрын (25 ақпанда) британдық жалған куәлігі бар және «көлік тасымалдау» кеме түрінде аймаққа енген  сионистік режимге тиесілі кеме Оман теңізінде жарылды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ешқандай дәлел келтірмей, Иранды кеменің жарылуына қатысы бар деп айыптады. Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи жұма күні БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басшысына хат жазып, айыптауларды негізсіз деп тапты. Тахтраванчи: «Бұл шабуылдың ерекшеліктері оны өзінің зұлым саясаттары мен заңсыз мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтін ойыншылардың  жасағанын көрсетеді»,- деді. Бұл болжам шындықтан алыс емес. Өйткені сионистік режим қиын әрі дағдарыс жағдаймен бетпе-бет келуде. Израильдің мақсаты - аймақта дағдарыс тудыру. Бұл үшін сионистік жүк кемесіндегі жарылыс сценарийі жобаланды. Сондықтан бұл сценарийді екі тұрғыдан талдау және зерттеу  болады. Мәселенің бірінші жағы, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі айтқандай,  өзін қаналған көрсету және  аймақтағы ой-пікірді бұрмалау - Израильдің қылмыстарынан. Екінші жағынан, қарсыласу ағымы аймақтағы әртүрлі майдандарда үлкен жеңістерге қол жеткізді, олардың ішінде Сирия мен Ирактағы батыс, сионистік және араб үштігі қолдаған террористік топтарды жойды және Йемен соғыс майданында бұл елдің  армиясы мен халық күштерінің саудиялықтарды жеңуі  жауды қарусыздандырды. Сионистік кемеге шабуыл жасалды деген айыптауды Парсы шығанағы аймағында қауіпсіздік шиеленісін тудыруға бағытталған сценарий деп бағалауға болады.

 

Тегтер