Иранның Жоғары сот төрағасы әлем үстемшілдеріне қарсы тұру қажеттігін айтты
Нау 08, 2021 18:49 Asia/Almaty
Иранның Жоғары сот төрағасы әлем үстемшілдері мен шектен тыс талап етушілерге қарсы тұру қажеттігін айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси бүгін Жоғары сот кеңесінің отырысында: "Елге нақ керегі –Ислам революциясының жетекшісі түсіндірген стратегия",-деді.
Раиси: "Ислам революциясының жетекшісі айқын анықтап берген нәрсе мынау: барлық санкциялар жойылуы керек, олардың іс жүзінде толық жойылғаны тексерілуі тиіс",-деді.
Раиси: "Осы стратегияны ұстансақ, дұшпан кері шегінеді",-деді.