Нау 09, 2021 01:33 Asia/Almaty

ИИР Президенті Еңбек пен әлеуметтік қамту және Мәдени мұра, қолөнер мен туризм министрліктеріне қатысты құны 15 мың млрд тұманнан асатын жобалардың ашылуын елді одан ары дамыту жолындағы айтулы қадам деп атап, х.ш.ж.с.б. 1400 жылы Иран халқының коронавируспен күресте және дұшпандар таңған экономикалық соғыста үлкен жетістіктерге жететініне үміт білдірді.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні Еңбек және әлеуметтік қамту, Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрліктерінің жобаларын іске қосуға қатысты «Өндірістік серпіліс» рәсімінің 55-ші бағдарламасында: «1400 жылы Алла Иран халқына рақымын төгіп, кедергілерді жойып, коронавируспен күресте және дұшпандар таңған экономикалық соғыста үлкен жетістіктерге жетуіне жағдай жасайтын жылдардың бірі болады»,-деп үміт білдірді.