Нау 09, 2021 02:09 Asia/Almaty
  • Иранның қоқан-лоққыларға жауап беруге қауқары жетеді

Сионистік режим қатты қысылғаннан Иранға қарсы уәж айтып, сес көрсетуде.

ИИР Қорғаныс министрі генерал Амир Хатами жексенбі күні бір форумда сионистік режим басшыларының Иранға қоқан-лоққы жасағанына тоқталып: «Кей кездері бұл режимнің басшылары жалған уәж айтып, өздерінше ИИР-ға сес көрсетеді. Мұндай сөздердің қатты қысылғаннан айтылатыны анық»,-деді. Ислам революциясының жетекшісі осыдан біраз жыл бұрын: «Сионистік режим біздің басты жауымыз емес. Олар тіпті ИИР-ның деңгейіне жетпейтіндерін біледі. Ал егер білмесе, білсін: шектен шықса, Тель-Авив пен Хайфаны жермен-жексен етеміз»,-деді.

АҚШ пен сионистік режим Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бері Иранға ұдайы қоқан-лоққы жасап, соққы беруді көздеп келеді.

Әскери теорияларға сәйкес ешкім екі мәселені қамтамасыз етпей жатып, соғысқа кіріспейді. Біріншісі – жеңетініне сенімді болу. Екіншісі – соғысты бақылауда ұстап, қажет болған кезде тоқтата алу.  

Аймақтағы өзгерістерге шолу жасағанда Батыс Азияда әскери стратегиялық теңгерімнің өзгергенін көреміз.  

Сионистік режимге тиесілі «DEBKAfile» қауіпсіздік саласындағы ақпарат сайты осыдан біраз бұрын Иранның зымырандық қуатын мойындап: «Батыс сарапшыларының қате есебіне керісінше, АҚШ та, Израиль де Иранның зымырандарына төтеп бере алмайды»,-деп жазды.

Қазіргі таңда Иранның дұшпандарды нақты нысанаға алу қабілеті дәлелденген, мұны қайта тексеру орны толмас қателікке ұрындырары анық.

Иранның қоқан-лоққыларға жауап беретін тағы бір құралы – жұмсақ күш.

Шын мәнінде Израильдің аймақта болуы текетірес пен жалған дағдарыстар тудыру, террор мен қоқан-лоққы жасау және соғыс жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда бұл режимнің басшылары өздерінің басқыншылықтары мен қылмыстарына жойқын жауап берілетінін білулері керек.