Нау 09, 2021 15:47 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Шәһид, ардагер және азат әйелдер революцияның қадір-қасиеттерінің ең биік шыңдарының бірі болып табылады

Ислам революциясының жетекшісі шәһид, ардагер және азат әйелдерді құрметтеуге арналған «Тарихи періштелер армиясы» Ұлттық конгрессіне жолдаған жолдауында бұл батыл және жанкеш әйелдерді Ислам революциясының қадір-қасиеттерінің ең биік шыңдарының бірі деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауында: «Иманның күші ирандық әйелдер үшін үлкен күреске жол ашып, олардың қиын жағдайда ержүректілік пен жаңкештілік көрсетулеріне себеп болды. Пехлеви дәуірінде көптеген әйелдерге  батыс мәдениеті мен  азғындығының жүктелуіне қарамастан, ирандық әйелдер Ислам дініндегі абыройы мен тазалыққа жақындай алды және бұл үлкен қадір-қасиет»,- деп қуаттады.