Нау 09, 2021 16:06 Asia/Almaty
  • «Сарахс» шекарасы арқылы өтетін Иранның теміржол транзиті  артты

Хорасан темір жолының бас директоры Иранның Сарахс шекарасы арқылы өтетін теміржол транзитінін артқанын хабарлады.

 

Хорасан темір жолының бас директоры Мустафа Насири Варг сейсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысында Түркіменстан арасынағы Сарахс  шекарасынан өтетін жүк транзитінің биылғы жылдың 11 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға өскенін мәлімдеді. Хорасан темір жолының бас директоры  Сарахс халықаралық шекараеы Ирандағы ең ірі теміржол терминалы деп атап: «Бұл кезеңде Сарахс шекарасы арқылы 1030 вагонмен 430,000 тонна түрлі жүк өткізілді. Сарахс шекарасының транзиттік жүктері көбінесе Орта Азия елдерінен әкелінеді және Бандар-Аббас шекарасынан экспортталады»,- деді.