Сәу 01, 2021 17:24 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың барынша қолдау саясаты жеңіліс тапты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы Палестина халқының табанды қарсыласуының АҚШ-тың сионистерді барынша қолдау саясатының жеңіліс табуына және араб елдері қиянатының нәтиже бермеуіне себеп болғанын айтты.

ISNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясы хатшылығының сәрсенбі күні Палестинадағы Жер күнінің 45 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінде: «Палестина халқы биыл туған жерді азат етіп, отанға қайта оралуға басқа кезден бекемірек шешім қабылдап отырған жағдайда, ал сионистер бұрыннан да бетер сергелдең халге түсіп, ыдырау алдында тұрған жағдайда аталып өтуде»,-делінген.

Осы мәлімдемеде: «АҚШ-тың барынша қолдау саясаты мен араб елдері қиянатына қарамастан, бүгінде сионистердің айла-тәсілдері сәтсіздікке ұшырады. Ал Палестина халқы мен қарсыласу күштері мықты ерік-жігермен өздерінің заңды талаптарының орындалуы үшін маңызды қадамдар жасап жатыр»,-делінген.

Тегтер