Сәу 09, 2021 16:06 Asia/Almaty
  • Сардар Шекарчи: Қызыл теңіздегі ирандық кемеге жасалған шабуылға міндетті түрде жауап қайтарамыз

ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі: «Қызыл теңіздегі ирандық кемеге жасалған шабуылға міндетті түрде жауап қайтарамыз, бірақ әзірге тексеріс жүргізіліп, оқиғаның түсініксіз тұстары анықталғанша сабыр сақтаймыз»,- деді.

 

Сардар Аболфазл Шекарчи Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Оқиғаға Иранның тікелей жаулары, атап айтқанда сионистік режим мен АҚШ қатысты. АҚШ-тың Иранға қарсы және бұл елге зиян келтіретін кез-келген әрекетке қатысатыны сөзсіз»,- деп мәлімдеді.

Иранның Saviz сауда кемесі сейсенбі күні Қызыл теңізде Джибутидің жағалауына жақын жерде болған жарылыс кезінде аздап зардап шекті. Жарылыстың себебі тексеріліп жатыр.