Сәу 09, 2021 18:26 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан қайтыс болған 155 адамды қосқанда елде осы індеттен көз жұмғандар саны 64039 адамға жетті»,- деп хабарлады.

 

Сима Садат Лари: «Нақты диагостикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде тағы 22478 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2567 ауруханаларға жатқызылды. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 2029412 адамға жетті және осы күнге дейін 1693005 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,- деді.  

 

Тегтер