Сәу 11, 2021 17:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран үкіметі Ислам революциясы жетекшісінің кеңестері негізінде әрекет етеді

ИИР Президенті: "Иран үкіметі Ислам революциясы жетекшісінің кеңестері негізінде әрекет етеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани жексенбі күні Иран үкіметінің экономикалық үйлестіру штабының 216-шы жиналысында: "1399 жылдың "Өндірістік серпіліс" ұраны белгіленген жобалардың барлығын жоспарланған мерзімде орындау арқылы жүзеге асырылды",-деді.

Рухани: "1400 жыл "Өндірісті қолдау және кедергілерді жою" деп аталды. Биыл Иран үкіметі дамуға кедергі келтіріп отырған мәселелерді шешуге талпыныс жасайды",-деді.