Сәу 11, 2021 17:35 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Иранда бір тәулікте 258 адам көз жұмды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: "Өткен 24 сағатта 258 адам коронавирустан көз жұмды. Елде індет құрбандарының жалпы саны 64490 адамға жетті",-деді.

Сима Садат Лари жексенбі күні коронавирусқа қатысты соңғы статистиканы жариялай келіп: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте елде 21063 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2780-і ауруханаларға жатқызылды",-деді.

Сима Садат Лари, сондай-ақ, Иранда COVID-19 жұқтырғандар санының 2070141 адамға жеткенін, осы күнге дейін 1710974 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.  

 

Тегтер