Сәу 12, 2021 16:44 Asia/Almaty
  • Иранның суды зарарсыздандыру кешені БАӘ-не экспортталды

Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниясы зерттеушілерінің жобасымен жасалған теңіз суын электролиздеу кешені БАӘ-не экспортталды.

Теңіз суын электролиздеу кешені өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылады. Мысалы, қала мен ауылдарды тұщы сумен қамтамасыз етеді, ауаны салқындатады, мұнай-газ өнеркәсібінде және кемелердің тепе-теңдігін сақтауда қолданылады.

Бұл технология өртенгіш әрі жарылғыш қасиетке ие улы хлор газын қолданатын ескі тәсілді алмастыра алады.

Осы күнге дейін аталмыш іргелі ғылымға негізделген компания Ирандағы суға қатысты ірі жобалар, соның ішінде Парсы шығанағы суын тасымалдау жобасының суды зарарсыздандыру бөлігін жүзеге асырды.