Сәу 13, 2021 14:49 Asia/Almaty
  • Зариф әлем мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады

Иран Сыртқы істер министрі Twitter-дегі парақшасында әлем мұсылмандарын қасиетті Мазан айының келуімен құттықтады.

IRNA-ның хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында: «Барша мұсылмандарды мейірімділік, бейбітшілік, береке мен қайырымдылық айы - қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймыз. Алла Тағаладан осы айда әртүрлі ислам елдері халықтары арасындағы ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін қиындықтарға тап болған кезде   мұсылмандарға бірлік пен тұтастық беруін және халық арасында ақиқат пен бостандықтың дауысын көтеріп, мазлұмдарды зорлық-зомбылықтан құтқаруды сұраймыз»,-  деп жазды.