Сәу 13, 2021 21:42 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: "Өткен 24 сағатта 291 адам коронавирустан көз жұмды. Елде індет құрбандарының жалпы саны 65055 адамға жетті",-деді.

Сима Садат Лари сейсенбі күні: "Өткен тәулікте елде 24760 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 3132-і ауруханаларға жатқызылды",- деді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы,  сондай-ақ, Иранда COVID-19 жұқтырғандар санының 2118212 адамға жеткенін, осы күнге дейін 1729293  науқас жазылып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.  

 

Тегтер